Отырар жалпы білім беретін мектебінде қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүрек жыршысы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «МҰҚАҒАЛИ МҰРАСЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
Кітапханашы Ф.Момбекова және тәлімгер Ф.Төлегеннің ұйымдастыруымен өтілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, оның жырлары арқылы рухани тәрбие беру, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру. Кеш барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы туралы мәлімет алып, оның сыршыл, мұңлы да өршіл өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Сонымен қатар, сұрақ-жауап кезеңі ұйымдастырылып, оқушылар ақын шығармашылығы бойынша өз білімдерін ортаға салды. Кеш көркін аша түскен сәттердің бірі – ақын сөзіне жазылған жүрекке жақын «Бақыт деген» әнінің орындалуы болды.
Бұл танымдық кеш – поэзияны қадірлеген жас ұрпақтың рухани байлығын арттырған, Мұқағали жырларына тағзым еткен тағылымды шара болды.
**Мұқағали мұрасы – ұлттың асыл қазынасы, ал оның жырлары – мәңгілік өміршең





