Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты танымдық сабақ өткізілді

«Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты танымдық сабақ өткізілді

«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Оқитын сынып» жобасын жүзеге асыру мақсатында бүгін «Отырар жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тағылымы мол, мазмұны терең «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты танымдық сабақ өткізілді.

Іс-шара мектеп кітапханашысы Ф. Момбекова мен 5 «ә» сынып жетекшісі Э. Айтжанның ұйымдастыруымен өтті. Сабақ барысында кітапханашы апайымыз оқушыларды қазақтың ұлы ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасымен кеңінен таныстырып, оның қазақ тарихы мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесін жан-жақты баяндады.

Ал сынып жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Эльмира апай Шоқан Уәлихановтың зерттеушілік қабілетін математика ғылымымен байланыстыра отырып, пәнаралық сабақ үлгісінде ерекше шеберлік танытты. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, ғылымға деген көзқарасын кеңейте түсті.

Сабаққа мектебіміздің директоры Асылбеков Керімбек ағай, Абишов Жеңісбек ағай, АӘД жетекшісі С. Байқозы, жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Б. Уәлихан, информатика кабинетінің зертханашысы Н. Әлімбек қатысып, өз ой-пікірлері мен құнды ұсыныстарын білдірді. Қонақтар өткізілген сабақтың мазмұны мен тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Осындай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор сабақтар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық рух пен білімге құштарлықты қалыптастыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.

#АдалАзамат

#БіртұтасТәрбие

#ОқитынСынып

#МәңгіӨшпесЖарықЖұлдыз

#ШоқанУәлиханов

#ТанымдықСабақ

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2062276511199881&set=pcb.2062277121199820&__cft__[0]=AZafKe6d3CBPcDMEYjJ4mDr70blyk2Famk5jYJ7P5mtDPVRR3G8p0MzlwQa2GxJULkSFM6vsjQ3SgELCtJHnk_pijY4TQIbBN4lFGu56DZwDj95Hcb70V3TVutwVPoPe0IQNU25880rWMidJB9EaAE-RjkEvEtHeeYR5L5GqndD9dw&__tn__=*b0H-R