Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз құтты болсын!
«Наурызнама» онкүндігі аясында Отырар жалпы білім беретін мектебінде 17 наурыз – Шаңырақ күні ерекше көңіл күймен басталды.
Мектебіміздің 9 сынып жетекшілері А.Отарбай мен Н.Әймен таңертеңгілік уақытта ұстаздарды жылы жүзбен қарсы алып, жүрекжарды тілектерін арнап, қызықты сұрақтар қойып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл шара – ұстаздар қауымының бірлігін нығайтып, шаңырақтың берекесін арттыруға бағытталған тағылымды бастама болды. Әрбір айтылған ақ тілек пен шынайы күлкі ұжымға ерекше жылулық сыйлап, мерекелік атмосфераны сезіндірді.
Береке-бірлігі жарасқан елімізде әр шаңыраққа шаттық, молшылық пен амандық тілейміз! Наурыз мейрамы құтты болсын!





