Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 80 ЖЫЛ!»

«ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 80 ЖЫЛ!»

🇰🇿«ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 80 ЖЫЛ!»

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында

«Отырар жалпы білім беретін мектеп» кмм "Ер есімі - ел есінде" атты Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік жиын өткізілді. Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі- өнеге тұту. Жиынға мектеп басшылары, ардагер ұстаздар, ауыл қариялары қатысты. Жиында мектеп оқушылары сапқа тұрып, ауылдан шыққан соғыс ардагерлері туралы баяндама оқылды. 10 сынып оқушылары шеруге шығып, ардагер ұстаздар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге арнап, ескерткіш тақтаның алдына мерекелік гүл шоқтары қойылды. "Катюша", "Жас сарбаз" әніне би билеп, "Қазақстан сарбаздары", "Жеңіс, жеңіс ғаламат күн!" атты әндерді мектеп оқушылары шырқады. Жиын соңында мерекелік құттықтау сөзді мектеп басшысы Ж.Оспанов, қонақтар ата-аналар комитетінің төрағасы Н.Ердемқұл, ардагер ұстаз Т.Мәуленге сөз беріліп, жас ұрпаққа арнап өз тілектерін білдірді. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, есімізде мәңгі сақталады!

Батырлар – мәңгілік!

Жеңіс – ұрпаққа аманат!

#ЕрЕсіміЕлЕсінде

#ҰлыЖеңіс

#ардагерлергетағзым

#ҰлыЖеңіске80жыл

#Біртұтас_тәрбие

0:00 / 1:58