Ұлттық рухты оятқан тағылымды кино
2026 жылдың 16 наурыз күні Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Отырар жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Наурыз айындағы онкүндік іс-шаралар аясында ерекше мазмұнға толы мәдени кеш ұйымдастырылды.
Аталған шарада «Оңтүстікфильм» КММ-нің қолдауымен оқушыларға қазақ кино өнерінің тағылымы терең туындыларының бірі – «Набат операциясы» фильмі ұсынылды. Кино арқылы жас ұрпақ ел тыныштығын күзеткен ер азаматтардың ерлігі мен қайсарлығын, Отан алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің маңызын терең сезінді.
Фильм мазмұны оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятып, тәртіп пен қауіпсіздікті бағалауға, елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталды.
Көрсетілім барысында оқушылар үлкен әсер алып, елін сүйетін, батыл да саналы ұрпақ болудың мәнін ұғынды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеген мұндай тағылымды шаралар – өскелең ұрпақтың рухани дамуына қосылған үлкен үлес.





