ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТТЫҢ РУХЫ
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурызнама» онкүндігі аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 18 наурыз – Ұлттық киім күні аталып өтілді.
Бұл күні мектеп ұстаздары мен оқушылары ұлттық нақыштағы киімдер киіп, халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеді. Әсем ою-өрнекпен көмкерілген қазақы киімдер ұлттық болмысымыздың көрінісін айшықтап, ерекше сән мен жарасым сыйлады.
Ұлттық киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, ұлттың айнасы. Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, дәстүрге деген құрметін арттыру – басты мақсат.
Ұлттық киімімізді ұлықтап, дәстүрімізді дәріптейік!
#Наурызнама #ҰлттықКиімКүні #ОтырарМектебі #ҰлттықҚұндылықтар





