Тарих пәнінің мұғалімі Маябас Нұрсәуленің "9А" сынып оқушыларымен бірге Адал азамат – Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Әлихан Бөкейханов туғанына 160 жыл толуына орай қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен еңбегі кеңінен насихатталуда. Әлихан Бөкейханов – ұлтының болашағы үшін күрескен ұлы тұлға, Алаш қозғалысының жетекшісі, ел тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек еткен адал азамат.
Ол қазақ халқының білімді, мәдениетті, біртұтас ел болуын армандады. Өзінің саяси және қоғамдық қызметі арқылы халықты ғылым-білімге шақырып, ұлттық сананың оянуына үлкен үлес қосты. Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы – отансүйгіштік пен адалдықтың, табандылық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі.
Бүгінгі ұрпақ үшін Әлихан Бөкейхановтың еңбегі мен өнегесі ерекше маңызға ие. Оның ел үшін жасаған қызметі әрбір жасқа үлгі болып, Отанды сүюге, білімге ұмтылуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Осылайша, ұлт көсемінің өмірі мен мұрасы – жас ұрпақты адалдыққа, бірлікке және елжандылыққа баулитын асыл қазына.





