Коучинг сабағы: «Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру»
Отырар жалпы орта мектебінде білім сапасын арттыру мен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында «Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру» тақырыбында коучинг сабағы өткізілді.
Коучингті тарих пәнінің мұғалімдері Битуова Эльмира мен Маябас Нұрсәуле ұйымдастырып, өткізді.
Коучинг барысында қатысушылар оқушылардың қабілет деңгейіне қарай тапсырма беру, ынталандыру тәсілдері мен жеке қолдау көрсету жолдарын талқылады.
Мұғалімдер түрлі белсенді әдіс-тәсілдерді (топтық жұмыс, ойын элементтері, рефлексия, бағалау критерийлері) қолданудың тиімділігін көрсетті.
Сабаққа қызығушылығы төмен оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, табысқа жету жағдайын жасау, жетістікке жеткен сәтін көрсету арқылы оқуға ынтасын көтерудің маңыздылығы айтылды.
Коучингке қатысқан әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бір-бірінен үйреніп, пайдалы ой түйді.
Оқу үдерісінде әр оқушының мүмкіндігін ашу, жеке қабілетіне қарай қолдау көрсету – әр ұстаздың басты міндеті екені атап өтілді.
Ізденіс пен кәсіби шеберлік – ұстаздық жолдың ажырамас бөлігі.
Осындай коучингтер арқылы мұғалімдер бірлесіп дамып, білім сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда.
#Отырармектебі #Коучинг #Тарихпәні #Педагогикалықтәжірибе #Ізденіспендаму





