Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
KITAPXAN кітап оқу сайысының ІІI айналымы ұйымдастырылды

KITAPXAN кітап оқу сайысының ІІI айналымы ұйымдастырылды

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдер арасында «Оқитын ұстаз – ұлт болашағы» жобасы аясында KITAPXAN кітап оқу сайысының ІІI айналымы ұйымдастырылды.

Сайысты кітапханашы Момбекова Фариза және директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Әсілбек Сәрсенбек ұйымдастырды.

Жобаға 7 мұғалім қатысып, қазақ әдебиетінің көрнекті жазушыларының шығармаларын оқып, мазмұнды талдау жасап, өз пікірлері мен ой-тұжырымдарын ортаға салды. Атап айтқанда, қатысушылар

1.Мектеп алды даярлық тобы жетекшісі Ерназарова Макпал апай — Ғ.Мүсірепов «Миллионер» романы

2.«Дебат» үйірмесінің жетекшісі Алтаева Элмира апай — Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы

3.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Баймолда Асылзат апай — Дулат Исабековтың «Гауһартас» романы

4.Бастауыш пәні мұғалімі Алимбекова Жазира апай — Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» әңгімесі

5.Көркем еңбек пәні мұғалімі Жұмаділлаев Сержан ағай — Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесі

6.Кәсіби бағдар беру маманы Абуова Жадыра апай — Оралхан Бөкей «Кербұғы» әңгімесі

7.Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сатыбалды Жадыра апай — Сәкен Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үн» әңгімесі

Сайыс барысында мұғалімдер көркем шығармаларды терең түсініп, әдеби талдау жасау, сөйлеу мәдениеті мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Шара мазмұнды әрі тағылымды өтіп, ұстаздардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

І орын – Ж.Алимбекова (келесі айналымға жолдама алды);

ІІ орын – Ж.Сатыбалды

ІІІ орын – Э.Алтаева

Қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздарға құттықтау айтылды. Жобаның келесі кезеңдеріне сәттілік тілейміз.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2142106729883525&set=pcb.2142107286550136&__cft__[0]=AZbKF2Id-2b7blToggoG1Wgydtky5KXm7-YvzdhSKNrvjTydDSZJBfPQTq55zTrOa6teP_OClnoI31wV7CUyR1vASU2Z0VhbQMzveEEk9qQrU4s7M5Qf7xVRGLxW0O38xkLWI3eTbQEHXeLa79Vi0N5zpfoyOKCBZOpxX_bEqCK5Dse_ofYSyPRV7v03gtij4Qg&__tn__=*b0H-R