«Көктеммен келген кітап» – рухани әлемге жол
Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Отырар жалпы білім беретін мектеп КММ-де көктемгі каникул уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында «Көктеммен келген кітап» атты кітап оқу сағаты өткізілді.
Шараны мектеп кітапханашысы Ф. Момбекова ұйымдастырып, оқушыларды кітап әлеміне жетелеген тағылымды кездесу болды. Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі қызықты кітаптарды оқып, олардың мазмұны мен кейіпкерлері туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты. Бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түсті.
Сонымен қатар сынып жетекшілері де оқушылардың белсенді қатысуына қолдау көрсетіп, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, шәкірттерін білімге, ізденіске шақырды. Атап айтқанда:
8 «А» сынып жетекшісі Г. Карбозова
5 «Ә» сынып жетекшісі Э. Айтжан
4 «Ә» сынып жетекшісі К. Аманкулова
4 «А» сынып жетекшісі Ш. Битуова
Осындай тағылымы мол шаралар оқушылардың рухани дүниесін байытып, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Көктем мезгілімен бірге келген бұл игі бастама жас ұрпақты білімге, парасатқа және ойлы оқырман болуға жетелейді.
Кітап – білімнің сарқылмас қазынасы. Кітап оқитын ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
#КөктемменКелгенКітап #КітапОқу #ОқуғаҚұштарҰрпақ #КөктемгіКаникул #ОтырарМектебі





