Кітап – рухани қазына, ал кітап оқитын ұрпақ – елдің болашағы!
Кітап апталығының онкүндігі аясында мектебімізде ерекше әсерге толы, тағылымы мол «Түнгі оқу бұрышы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шара мектеп кітапханашысы Ф.Момбекованың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында мұғалімдеріміз жүрекке жететін көркем поэзия оқып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Әрбір оқылған өлең мен тағылымды сөз оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, әдебиет әлеміне деген сүйіспеншілігін оятты.
Әдеби кештің атмосферасы өте әсерлі болды. Поэзияның құдіреті арқылы оқырмандар терең ойға шомып, рухани тыныштық пен ерекше көңіл күй сыйлаған кештің куәсі болды. Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, олардың рухани дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне үлкен ықпал етеді.
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» дегендей, кітап – адам жанының азығы. Сондықтан да кітаппен дос болған жанның рухани әлемі байып, болашағы жарқын болмақ.
Осындай тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор кешті ұйымдастырған мектеп кітапханашысы Ф.Момбековаға және белсенді қатысқан барша ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз!
Мектебімізде осындай рухани кештердің жалғасы таба берсін!





