"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 8-11 сынып оқушылар арасында әлімжеттік, ұрып-соғу, қорлау әрекеттерінің алдын алу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, ата-аналарға да бейнематериалдар сынып чаттары арқылы таратылып, әрбір ата-анаға балаларының қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары ұсынылды.
Барша ата-аналарды балаларға достық, сыйластық, жауапкершілік сезімдерін дарытып, кез келген зорлық-зомбылық әрекеттеріне жол бермеу бағытындағы тәрбиелік жұмыстарды күшейтуге шақырамыз!
#Отырармектебі #тәрбиежұмысы #құқықтықтүсіндіру #зорлықзомбылықтыңалдыналу #қауіпсізмектеп





