Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Кел, бірге оқиық!» кітап оқу сағаты

«Кел, бірге оқиық!» кітап оқу сағаты

«Кел, бірге оқиық!» кітап оқу сағаты

Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі. Осы орайда 5 «Ә» сынып оқушылары арасында ерекше әсерге толы «Кел, бірге оқиық!» атты кітап оқу сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған сүйікті кітаптарымен бөлісіп, бір-біріне қызықты туындылар ұсынды. Сонымен қатар, есімдерінің әріптеріне сәйкес кітаптарды таңдап, достарына сыйға беру арқылы ерекше көңіл күй сыйлады.

Бұл тағылымды шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, бір-бірімен рухани байланысын нығайта түсті.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған сынып жетекшісі Айтжан Элмира Қалжанқызына және кітапханашы Момбекова Фариза апайға алғысымыз шексіз!

Кітаппен дос болайық, бірге оқиық!

https://www.facebook.com/reel/26470136582673410