*Күз аруы -2025* байқауы
Отырар жалпы білім беретін мектебінде дәстүрге айналған «Күз аруы – 2025» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменге сән мен сұлулыққа толы ерекше кеш сыйлады. Алтын күздің ажарын айшықтаған бұл шара талантты, өнерлі, шебер қыздардың басын қосып, өзара бақ сынауына мүмкіндік берді.
Байқау 6 бөлімнен құрылып, әр кезеңде қатысушылар өз қабілеті мен дарынын жан-жақты таныта білді. Сезімтал сахналық мәдениет, шығармашылық таныстырылым, қолөнер бұйымдары, сұрақ-жауап сайысы және сән defilé — барлығы да көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені Ермек Айзере мен Алпысбай Аслан иеленді.
Сонымен қатар үздік өнер көрсеткен қатысушылар 1, 2, 3 орындармен марапатталды.Әр ару өзіндік болмысы, таланты және дайындығы арқылы бағын сынап, күзгі кешті жарқын мерекеге айналдырды.
Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған:
Тәлімгер – Ф. Төлеген
Ұйымдастырушы педагог – Н. Нажмаддинова
Сынып жетекшілері.
Олардың еңбегі мен қолдауының арқасында байқау мазмұнды, қызықты және тәрбиелік мәні зор шара ретінде өтті.
Алтын күздің сәнін келтірген Отырар мектебінің аруларына шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз! ![]()





