Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
ҚЫЗ ИМАНЫ- ОТБАСЫНЫҢ ҰЯТЫ

ҚЫЗ ИМАНЫ- ОТБАСЫНЫҢ ҰЯТЫ

ҚЫЗ ИМАНЫ- ОТБАСЫНЫҢ ҰЯТЫ

Мектебімізде қыз балалардың тәрбиесі мен инабаты, әдеп пен имандылықты насихаттауға бағытталған «Қыз иманы – отбасының ұяты» атты қыздар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында тақырыпқа сай бейнеролик пен слайд көрсетіліп, оқушыларға қыз баланың қоғамдағы орны, отбасындағы тәрбиенің маңызы, әдептілік пен жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтылды. Қыз бала – бір әулеттің айнасы, отбасының абыройы екені кеңінен түсіндіріліп, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді бойға сіңірудің маңыздылығы насихатталды.

Шара жасөспірім қыздардың өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруға, имандылық пен ибалыққа тәрбиелеуге зор ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Қыздар ұйымының жетекшісі: Төлімбетова Г

Тәлімгер: Ф.Төлеген

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2077279466366252&set=pcb.2077132409714291&__cft__[0]=AZaJmq-fppOdyCZ91FR-4hfUDrxmnM17voIFZ-_UusL_ByyIv6jK-2ezBY-anmzsNLa5lzJvrJIExk60wnsyNWB_PFmsRchyU9CMT4gjOjbekzP8e-hphKx8UKQ-HaHkcd-d_8MMltJCwVGI-HIrEAKiH8jRHLtLEIJlIIwzgISBh3489f-9uWBd0NpMKr6sakM&__tn__=*b2H-R