Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 «Қыста оқы, ойлан, арманда!»

«Қыста оқы, ойлан, арманда!»

📚 «Қыста оқы, ойлан, арманда!» 📚

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қысқы демалыс – тек тынығу ғана емес, рухани дамуға, кітап арқылы ой көкжиегін кеңейтуге берілген үлкен мүмкіндік.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Қыста оқы, ойлан, арманда!» акциясы аясында мектебіміздің кітапханасында бірқатар мазмұнды іс-шаралар өткізілуде.

Аталған шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану, ойлау қабілеті мен қиялын дамыту. Қысқы демалыс кезінде оқушылар жас ерекшеліктеріне сай көркем және танымдық әдебиеттерді оқып, өз ойларымен бөлісіп, бейнероликтер мен оқырман күнделіктерін дайындауда.

Іс-шараларды ұйымдастыруда мектеп кітапханашысы Ф. Момбекова белсенділік танытып, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, кітап оқудың маңызын насихаттауда.

ОҚыстаОқыОйланАрмандақушылардың белсенді қатысуы – болашақта оқуға құштар, ойлы, саналы ұрпақ қалыптасуының жарқын көрінісі.

📖 Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы!

#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #БаларарКітапханасы; #ОқуғаҚұштарМектеп;

#Қыстаоқыойланарманда

#Каникулдакітапоқимыз2025#

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2072607766833422/719326664304161?__cft__[0]=AZaGHTePt8t0MdPbHi4DE_c2qE6efKy3cUNXJp4rXL3ejkRKlcbuFlhVAT-E9_VcOXYlYZKRVyj8kNgmG4ulH_6D_Y0Tbr49sir2x79w76SS880o_X1xAPUPRzZdOWBTESoRtVS_yrMZIGjoRJ-gsk-406IXd4TMVlt_nXKHvDd1nw&__tn__=*b1H-R