Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

"Отырар" жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Битуова Шакизат білім саласындағы кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді!

2025–2026 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. 🥇

Бұл жетістік – ұстаздың үздіксіз ізденісінің, еңбексүйгіштігінің және оқыту әдістемесіндегі жаңашыл көзқарасының жемісі.

Олимпиада барысында ұстазымыз оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, пәндік білім сапасын жетілдіру бағытында тәжірибесімен бөлісіп, өз кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білді.

Битуова Шакизат енді аудан намысын қорғап, облыстық кезеңге жолдама алды.

Мектеп ұжымы мен әріптестері Шакизат апайдың бұл жетістігін зор қуанышпен қабылдап, алдағы сындарда сәттілік пен жеңіс тілейді!

📚 Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған асыл іргетас.

Осындай абыройлы жетістікпен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!

#ОтырарМектебі #АлтынТұғыр #МұғалімЖетістігі #БастауышБілім #ҰстазМақтанышы

4346