«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жаңа жыл – жаңару мен жақсылықтың, үміт пен жетістіктің бастауы. Осыған орай мектебімізде 5–8 сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, түрлі қызықты қойылымдар көрсетті. Мерекелік атмосфера оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын айқын көрсетті.
Мерекелік кештің ең маңызды сәттерінің бірі – марапаттау рәсімі болды. Оқу үлгерімімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін бірқатар оқушылар аудандық марапатқа ие болды. Сонымен қатар, оқушылардың жетістіктеріне зор үлес қосып жүрген мұғалімдер де аудандық деңгейде марапатталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды.
Марапаттау рәсімінде мектеп директоры К.Асилбеков марапат иелерін арнайы құттықтап, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі ұстаз еңбегінің маңыздылығын атап өтті, барша марапатталғандарға жаңа жылдық ізгі тілегін білдірді.
Осындай мерекелік әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар білім алушыларды жаңа жетістіктерге жетелеп, мектеп өмірін мазмұнды ете түседі.
Барша ұстаздар қауымына, белсенді оқушыларға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
Жаңа жыл баршаңызға табыс, береке мен жарқын болашақ әкелсін!





