Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп директоры Асилбеков Керімбек ардагер ұстаздарымыздың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнап, талай шәкірттің жүрегіне білімнің шырағын жаққан ардақты ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Кездесу барысында ақжарма тілектер айтылып, ардагер ұстаздарымыздың ақ батасы алынды.

Құрметті ардагер ұстаздарымыз, мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға амандық пен береке тілейміз!

https://www.facebook.com/reel/1569569711006127