25 қазан – Республика күніне орай өткізілген облыстық «Көк тудың желбірегені» атты жас ақындар айтысында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Уалихан Бекасыл жоғары деңгейде өнер көрсетіп, III орынға ие болды!
Бұл жетістік – талант пен табандылықтың, ең бастысы ұстазының қолдауымен келген жеңіс.
Бекасылдың шығармашылығына әрдайым бағыт-бағдар беріп, шабыт сыйлаған жетекшісі Әуезов Ержан ағайға үлкен алғыс!
Айтыс – сөздің, өнердің және ұлттық рухтың биік көрінісі.
Бекасылдың бұл жетістігі – алдағы үлкен жеңістердің бастауы болсын!
#КөктудыңЖелбірегені #РеспубликаКүні #Мақтаныш #ТүркістанОблысы





