"Өзін -өзі басқару" ұйымының мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалануына арналған «Көңілді үзіліс» шарасы өткізілді. Үзіліс барысында оқушылар арасында қызықты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, білімдерін сынап, жылдам ойлау қабілеттерін көрсете білді.
Сонымен қатар түрлі қолмен ойналатын ойындар ойнатылып, оқушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Мұндай сергіту сәттері балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа баулиды.
Көңілді үзіліс – тек демалыс емес, оқушылар үшін пайдалы әрі есте қаларлық сәтке айналды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.





