«Көңілді үзіліс – ұлттық құндылықтар айнасы»
Бүгін мектебімізде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Арқан тартыс» ойынынан көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
Бұл ойын — бірлік пен ынтымақты, күш пен жігерді арттыратын қазақтың ежелгі ұлттық дәстүрінің бірі.
Оқушылар белсене қатысып, өзара ұйымшылдық пен сергектік танытты.
Осындай ұлттық рухты көтеретін іс-шараларымыз жалғасын таба берсін!
#ҰлттықҚұндылық #КөңілдіҮзіліс #АрқанТартыс #Бірлік #МектепӨмірі





