![]()
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты" ![]()
Отырар жалпы білім беретін мектебінде 5-сынып жетекшісі Айтжан Элмираның ұйымдастыруымен Қарттар күніне арналған тағылымы мол, мазмұнды тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға оқушылардың ата-аналары мен әжелері арнайы шақырылып, тәрбиелік мәні зор басқосу өтті.
Тәрбие сағаты барысында мектеп директоры К. Асилбеков сөз сөйлеп, үлкендерді құрметтеу – әрбір перзенттің парызы екенін атап өтті. Ол өз сөзінде: "Қариясы бар ел – қазынасы бар ел. Бүгінгі ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен ізгі қасиеттерді дарыту – осындай тағылымды кездесулерден бастау алады" деп ерекше ой қозғады.
Әжелеріміз де жүрекжарды тілектерін айтып, немерелеріне, барша жас ұрпаққа баталарын берді. Олар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, сабырлы, қайырымды, ата-ананы құрметтей білетін азамат болып өсуге шақырды.
Балалар қарттарға арнап өлеңдер оқып, ән-жырдан шашу шашып, үлкендерге деген алғысын білдірді. Әрбір оқушының жүзіндегі қуаныш пен жүректеріндегі мейірім бұл мерекенің шынайы рухын сездірді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпаққа қарттарды сыйлауды, олардың әрбір сөзін қадір тұтуды үйретеді. Қарттарға деген құрмет – болашақта өзімізге қайтарылатын ізгілік. ![]()
Қазақ халқы қашанда қариясын ардақтап, "Қарты бар үйдің қазынасы бар" деп бағалаған. Бүгінгі ұрпақ та осы аманатқа адал болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді басты міндет санайды.
Құрметті ата-әжелер! Сіздерге мықты денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Ұрпағыңыздың қызығын көріп, қашанда ортамыздың берекесі болып жүре беріңіздер!
#ҚарттарКүні #ОтырарМектебі #ҚариясыБарЕлҚазыналыЕл #ІзгіліккеТәрбие






