“Отырар жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі үйден оқитын оқушыларға көрсетілген психологиялық -педагргикалық қолдау.
Мектебімізде үйден оқитын оқушылардың білім алу жағдайын бақылау және психологиялық қолдау көрсету мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта мектеп психологымен бірлесе отырып, үйден оқитын оқушылардың тұрғылықты мекенжайына барып, олардың оқу және тұрмыстық жағдайларымен таныстық.
Бару барысында оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі, оқу үшін жасалған жағдайлары және психоэмоциялық көңіл күйі назарға алынды. Психолог тарапынан оқушылармен және ата-аналармен әңгіме жүргізіліп, баланың оқуына қолайлы орта қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Ата-аналар тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен жауапкершілік оң бағаланып, оқушылардың білім алуына қажетті жағдай жасалғаны анықталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта да үйден оқитын оқушылармен байланыс үзілмей, тұрақты бақылау мен қолдау жалғасатыны айтылды.
Мектеп үшін әрбір оқушының қауіпсіздігі, психологиялық жай-күйі мен сапалы білім алуы – басты назарда.Отырар Жалпы Орта Мектеп





