Мектебімізде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыру мақсатында психолог Б. Абдрахимовтың ұйымдастыруымен 5–7 сынып оқушылары арасында «Интернет пайдалы ма, қауіпті ме?» тақырыбында эссе жазу жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар интернеттің білім алудағы, ақпарат іздеудегі пайдасын атап өтумен қатар, оның зиянды тұстары — тәуелділік, кибербуллинг, жалған ақпарат, алаяқтық сынды қауіптері жөнінде де өз ойларын ортаға салды. Әр оқушы тақырыпқа сыни көзқараспен қарап, өзіндік пікірін білдіруге тырысты.
Мұндай жұмыстар жасөспірімдердің ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, интернетті саналы әрі қауіпсіз қолдануға тәрбиелейді. Оқушылар белсенділік танытып, мазмұнды ойларымен ерекшеленді.





