"Жібек жолы" ПӘБ айлық жоспарына сәйкес тарих пәні мұғалімі, мектеп директоры “Ежелгі адамдардың өміріне саяхат”тақырыбында 5- "А" сыныбында ашық сабақ өткерді.
Сабақтың мақсаты — оқушыларға ежелгі адамдардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі, еңбек құралдары мен қоғамдық дамуы туралы түсінік беру, тарихи ойлау қабілетін дамыту болды.
Сабақ барысында мұғалім заманауи оқыту әдістерін тиімді қолданып, оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі ЖИ тапсырмалары ұйымдастырды. Оқушылар өз білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, топтық, жеке жұмыстарды орындау арқылы тақырыпты меңгере білді.
Алдағы уақытта дарынды және қабілетті оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, оларды ғылыми жобаларға қатыстыру бағытында жұмыстарды күшейту ұсынылады.





