English Karaoke Fun Break: Мектептегі ерекше музыкалық үзіліс!
Бүгін, "Тіл – достықтың алтын көпірі" атты айлық іс-шаралар аясында мектебіміздің дәлізі нағыз өнер ордасына айналды! Үлкен үзіліс кезінде ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "English Karaoke Fun Break" атты қызықты іс-шара өтті. Бұл жай ғана үзіліс емес, ағылшын тілін әуен арқылы үйренудің тамаша мүмкіндігі болды. Оқушылар экрандағы мәтінге қарап, Connie Francis стиліндегі «Pretty Little Baby» атты ырғақты әнді шырқады. Ретро стиліндегі бұл әуен балалардың көңіл-күйін көтеріп, мектеп ішін мерекелік думанға бөледі. Ең бастысы, ән айтып, белсенділік танытқан оқушыларға тәтті сыйлықтар мен стикерлер таратылды. Тіл үйренудің осындай қызықты форматта өтуі оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра түсері сөзсіз. Ұйымдастырушылар: Әймен Нұргүл, Балтабаева Шынар, Лайықова Әйгерім, Сатыбалды Жадыра, Баймода Асылзат. #EnglishKaraoke #SchoolEvent #EnglishFun #PrettyLittleBaby #ТілДостықКөпірі #МектепLife #АғылшынТілі





