Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 «Емтиханға сенімді қадам»

«Емтиханға сенімді қадам»

Мектепте 9-сынып оқушыларымен «Емтиханға сенімді қадам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушыларды емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындау, қобалжуды азайту және өз күшіне деген сенімділікті арттыру болды.

Тренинг барысында оқушылармен танысу жаттығулары өткізіліп, емтихан кезіндегі көңіл күй туралы пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар «Қорқынышты жеңемін», «Менің жетістігім» сияқты жаттығулар ұйымдастырылып, оқушылар емтиханға байланысты өз ойларын айтып, сенімділік қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар орындады. Оқушыларға емтиханға дайындалу кезінде уақытты дұрыс жоспарлау, тыныс алу жаттығулары арқылы қобалжуды жеңу жолдары түсіндірілді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2120901915337340&set=pcb.2120902078670657&__cft__[0]=AZZSl_jS-mv-YufKhWViRMtlENjKc5beb-_DcT84XTvZqUVqWg0XgYgOoLAMJhSqE3QivGpKtFPwztvs1N5Ut14_nJ5LiD8oc0foNVOLeGnP4Hla0BIfd6YYorefrRtSXgRp3yni846RNNasHe3LN_zedcPuLVfblMjXDTmlQR9crx5Gp1Lf-BaR8bihjNGSTZ8&__tn__=*b1H-R