«Еңбекке тағзым» байқауындағы жетістік!
Отырар ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп қызметкерлері арасында «Еңбекке тағзым» атты эссе және поэзия жазу байқауы ұйымдастырылды.
Аталған байқауда Отырар жалпы білім беретін мектеп қызметкерлері Сапарбекова Айнұр "Мырзабек Байжанұлы (Қызыл жырау) атындағы арнайы жүлдемен, Тілеубердіқызы Аягөз "Айтбай Белгібайұлы" атындағы жүлдемен ерекше белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық еңбектерімен көзге түсіп, аудандық жиында «Үздік шығарма», «Шығармашылық шеберлік» номинацияларымен марапатталды.
Бұл жетістік — әріптестеріміздің еңбексүйгіштігі мен шабытқа толы шығармашылық ізденісінің айғағы!
Оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!
#ЕңбеккеТағзым #Отырар90жыл #Мақтаныш #ОтырарЖББМ





