Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«ДРОП» – ой салған фильм

«ДРОП» – ой салған фильм

«ДРОП» – ой салған фильм

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Отырар» жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағыты аясында 7–10 сынып оқушыларына «ДРОП» қысқаметражды фильмі көрсетілді.

Фильм желісі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, буллинг, жауапсыз қадамның салдары, өмірлік таңдау мен оның жауапкершілігі төңірегінде өрбіді. Әр көрініс оқушыларды бейжай қалдырмай, терең ойға жетеледі.

Көрсетілімнен кейін оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, түрлі жағдаяттарды талдап, «бір сәттік қателік – ұзақ өкініш» екенін ұғынды. Заңға бағыну – қорқыныштан емес, саналы түсініктен туындауы тиіс екені сөз болды.

Шараның негізгі мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікті санасына сіңіру, әр әрекеттің салдары болатынын ұғындыру. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың әділ, саналы, адал азамат болып өсуіне бағыт береді.

#АдалАзамат

#ЗаңжәнеТәртіп

#ҚұқықтықСана

#СаналыҰрпақ

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2107448870015978&set=pcb.2107449123349286&__cft__[0]=AZbB2-p6QQiXqaepOoo8EW2QzvZ-hMQpCfKs0oxWcUuUEW9jbbU7sA_CxtAexWNoOjPYD5bS46aoC7aC9qwIIvlzyhgpmSNRI7HZRik1wiZdVHT1krmuYxkg_EtTxCYtxo23hPwIdg7exXrM1Lbgiv4bbEAyf9kA9N6-e1hAKLpIEggsZGL2aiZ3DcgaLvTasKw&__tn__=*b0H-R