Әділдік пен жауапкершілік – әр тұлғаның өмірінде маңызды орын алатын құндылықтар. Отырар жалпы білім беретін мектебінде осы бағытта оқушылардың түсінігін кеңейтіп, жақсы мен жаманды, әділдік пен әділетсіздікті ажырата білуге үйрету мақсатында «Көңілді үзіліс» шарасы ұйымдастырылды.
Көңілді әрі тәрбиелік мәні зор бұл шараны А. Ауелбекова мен Б. Уалихан ұйымдастырып, оқушыларға пайдалы білім мен жағымды эмоция сыйлады.
Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың тұлғалық дамуына, дұрыс таңдау жасай білуіне және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына жол ашады.





