Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Даналық мектебі» – ата-аналарды қолдау жобасы аясында

«Даналық мектебі» – ата-аналарды қолдау жобасы аясында

«Даналық мектебі» – ата-аналарды қолдау жобасы аясында

Мектебімізде сынып жетекшісі Сағындықова Зиягүлдің ұйымдастыруымен 6 «А» сынып оқушыларымен «Ата салтым – асыл қазынам» тақырыбында мазмұнды да тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді.

Шара барысында оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, әсем ән шырқалып, мың бұралған би биленіп, салт-дәстүрге байланысты көріністер қойылды. Сонымен қатар, оқушылар жүрекжарды тақпақтарын мәнерлеп оқып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Іс-шараның көркін қыздырған көңілді флешмоб та ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы айқын көрінді.

Тәрбие сағатының басты мақсаты – ата-бабадан қалған асыл мұраларды насихаттау, ұлттық рухты көтеру және жас ұрпақты тәрбиелеу болды. Осындай мазмұнды шаралар арқылы оқушылардың ұлттық сана-сезімі қалыптасып, салт-дәстүрге деген құрметі арта түсуде.

#ДаналықМектебі #АтаСалтАсылҚазына #ТәрбиеСағаты #ҰлттықҚұндылық

https://www.facebook.com/reel/2143190286482667