Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 «Даналыққа бастар жол – ұстаз жүрегінде»

«Даналыққа бастар жол – ұстаз жүрегінде»

Ұстаздар мерекесіне орай Спорт және Өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен " Отырар" жалпы білім беретін мектебінде «Даналыққа бастар жол – ұстаз жүрегінде» атты мұғалімдер арасындағы спорттық сайыс өтті.

Шараның шымылдығын мектеп директоры К. Асылбеков ашып, қатысушы ұстаздарға сәттілік тілеп, барша ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтады. 🌸

Сайысқа әр пән бірлестігі белсене қатысып, өз топтарын құрды. Әрбір топ атауларына сай арнайы эмблема мен белгілері арқылы ерекшеленіп, жанкүйерлерінің қолдауымен жігерлене түсті. Жарысқа ардагер ұстаздарымыз – Н. Ердемқұл, Т. Мәуленов, П. Жақыпбеков ағайлар төрелік жасап, әділ бағасын берді.

Мұғалімдер алты топқа бөлініп, спорттық және қазақтың ұлттық ойындары бойынша бақ сынасты. Ұжымдық ұйымшылдық, шапшаңдық пен тапқырлық жарыстың басты ерекшелігі болды. Тартысты дода нәтижесінде «Достық» тобы жеңіске жетіп, үздік деп танылды. ✨

Мектеп әкімшілігі атынан спорттық сайысқа белсене қатысқан ұстаздарға және төрелік еткен ардагер ағайларға шын жүректен алғыс білдіреміз.

Жарыстың соңы мерекелік кешке ұласып, ұстаздар мерекесіне орай ұлағатты зейнеткер ұстаздар, ауыл әкімшілігі мамандары мен мектеп ұжымы ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен жайылған дастархан басында бас қосты. 🎉

Ауыл әкімінің бас маманы К. Әбілқасымова бірнеше ұстазды Мадақтама қағазымен марапаттап, мерекелік қуанышқа қуат қосты. Сонымен бірге мектеп директоры К. Асылбеков мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлерді Кәсіподақ ұйымы ұсынған Алғыс хатпен марапаттап, еңбектеріне құрмет көрсетті.

Ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, мерейі асқақтай берсін! 💐👏

2012 2011

2013