Буллингтің алдын алу – ортақ міндет!
Мектебімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7-11сынып оқушылары арасында буллингтің алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында түсіндіру-алдын алу жиыны өткізілді. Тәрбие орынбасары Ж.Абишов "Буллингтен қорған" тақырыбында баяндама оқып, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.
Жиын барысында буллингтің түрлері, оның бала психологиясына тигізетін кері әсері, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, нақты өмірден алынған жағдаяттар бойынша пікір алмасты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға, мейірімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ кез келген зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға шақыру.
Біз бірге – қауіпсіз мектеп үшін!





