Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Болашақ жас қызметші» жобасы

«Болашақ жас қызметші» жобасы

Отырар жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беруші педагогы Ж. Абуованың ұйымдастыруымен «Болашақ жас қызметші» жобасы аясында 9-сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» атты кәсіби ақпараттық сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың қызығушылығы мен қабілетіне сай болашақ кәсібін саналы түрде анықтауға бағыт беру, жоғары оқу орындары мен колледждер туралы ақпарат беру арқылы кәсіби бағдар қалыптастыру, сондай-ақ өзін-өзі дамыту мен болашаққа нақты жоспар құру дағдыларын дамыту.

Ақпараттық сағат барысында оқушыларға жоғары оқу орындары мен колледждер туралы ақпараттық парақшалар таратылып, таныстырылды. Сонымен қатар, қажетті сайттар жөнінде мәлімет берілді. Оқушылар «Өзін-өзі іске асыру» және «Менің болашақ жоспарым» тақырыптарында тапсырмалар орындады. Екі топқа бөлініп, әр топ бір мамандық бойынша презентация дайындап, өз жұмыстарын қорғады.

Нәтижесінде оқушылар мамандықтар туралы кеңірек мәлімет алып, болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік алды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2155753988518799&set=pcb.2155754595185405&__cft__[0]=AZZnp9ThtW6LcAkqED5L2YRfIHg6OEVhBHy7CWAx_G0AsgjYjyfBm_zXGQVfehjYRMGKDq7Uqa22XzMc9prnwi-6RyoiWUd_FrrSdw62xJavPORe_asX2xWZMJql-EzseT4&__tn__=*b0H-R