«Болашақ тұлға – бүгінгі оқырман» жобасы аясында кітап оқу сағаты
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасының жалғасы ретінде «Болашақ тұлға – бүгінгі оқырман» тақырыбында 9-сынып оқушыларымен мазмұнды кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара кәсіби бағдар беруші педагог Ж. Абуова мен аға тәлімгер Ф. Төлегеннің ұйымдастыруымен өтті.
Кітап оқу сағатының басты мақсаты – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және болашақ мамандық таңдауда рухани бағдар беру болды.
Іс-шара барысында оқушылар таңдаған шығармаларын оқып, мазмұнын әсерлі жеткізе білді.
Оқушылар кейіпкерлердің мінез-құлқын саралап, шығармалардың тәрбиелік мәнін ашып, өз ойларын еркін әрі әсерлі жеткізе алды. Әсіресе, адамгершілік, батылдық, білімге ұмтылу сияқты құндылықтар кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, Нұрділда Көркем де белсенділік танытып, өз пікірін білдіріп, әдеби ортадағы ой бөлісуге үлес қосты.
Мұндай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне зор ықпал етеді.





