Отырар жалпы білім беретін мектебінде ата-аналармен бірлескен тренинг өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың болашаққа деген жауапкершілігін арттыру, ата-аналармен ынтымақтастық орната отырып, ҰБТ-ға дайындық үдерісінде бірлескен қолдау көрсету болды.
-Мектеп директоры К.Асилбеков ата-аналарға арнаған сөзінде
«Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушының өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі.
Бұл – тек сынақ емес, білім мен табандылықтың, еңбектің нәтижесін көрсететін мүмкіндік.
Әр баланың жүрегінде сенім, әр ата-ананың жүзінде үміт, әр мұғалімнің ниетінде қолдау болуы қажет.
Біз бірлесе әрекет етсек, түлектеріміздің жетістігі де биік болмақ.
Ең бастысы – балаға сенім артып, оның әрбір қадамын қолдау керек екенін айтып өтті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Төлегенова Шамшат ата-аналарды жылы қарсы алып, тренингтің мақсаты мен маңыздылығын түсіндірді.
"Біздің ортақ мақсатымыз – балаларымыздың болашағы". Ал ҰБТ – өмірдің сынағы емес, олардың мүмкіндігін көрсетуге жол ашатын баспалдақ».
Тренинг соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Төлегенова Шамшат, АКТ жөніндегі орынбасары Әбішев Бекбол, кәсіби бағдар беруші педагогі Әбуова Жадыра ата-аналарға алғыстарын білдіріп, мектеп пен ата-ана арасындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Осындай іс-шаралар ата аналардың өз күшіне сенімін нығайтып, білім жолындағы ынтасын арттыра түспек.
#ҰБТ #ОтырарМектебі #АтаАнаМектепЫнтымақтастығы #БолашақБастамасы





