«БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР»
Мектебімізде аталған тақырып аясында бірыңғай республикалық сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағатының басты мақсаты – білімнің қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру, жаңа Конституцияда айқындалған басым бағыттармен таныстыру және оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушыларға еліміздің білім саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік саясаттағы білімнің рөлі, сондай-ақ әрбір азаматтың сапалы білім алуға құқығы туралы кеңінен мәлімет берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Сынып сағаты жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды.
Білім – болашақтың кілті!
Саналы ұрпақ – жарқын елдің кепілі!





