БІЛІМ КҮНІ – 2025-2026 оқу жылының алғашқы қоңырауы
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Отырар" жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек білім күніне орай 1- сынып және 11- сынып оқушыларының қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерімізге арнап алғашқы қоңырау үні соғылды. Оқушыларымыз өз өнерін көрсетіп, мектебіміздің директоры міндетін уақытша атқарушы директоры Асылбеков Керімбек Төребекұлы білім алушылар мен ұстаздарды құттықтап өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, жиынға арнайы келген қонақтар, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ембай Дархан, Ата-аналар комитетінің төрағасы Ердемқұл Нұрқұл ағай, зейнеткер ұстазымыз Қолдасова Нұрсұлу апайымыз, Мәуленов Тайбек ағайларымыз қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар 11-сынып оқушылары 1- сынып оқушыларына Әліппе кітаптарын табыс етті. Салтанатты іс-шара өз деңгейінде аталып өтілді.
Білім күні құтты болсын! Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!