Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
"Балалар кітапханасы"

"Балалар кітапханасы"

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдардамасының "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Оқитын сынып" жобасын іске асыру мақсатында "Отырар жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Ф.Момбекова мен 5 ә сынып жетекшісі Э.Айтжанның ұйымдастыруымен "Әлемдік ойдың алыбы" атты 20 минуттық көңілді үзіліс ой сергіту сәті өткізілді. Шара барысында директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары С.Әсілбек ағайымыз оқушыларға "Оқитын сынып" жобасы туралы таныстырып түсіндіру жұмысын жасады.

Іс-шара Ұлы ақынның жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым - білім үйренуге шақырған өлеңі - "Ғылым таппай - мақтанба" өлеңін Балтабай Мұхамедиярдың жатқа айтуынан басталып, басқа оқушыларымыз Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтып, "Көзімнің қарасы", " Желсіз түнде жарық ай" әндері орындалды. Жүсіп Айкүміс оқушымыз Абай атасына арнап өзінің шығарған өлең шумақтарын оқыды. Сынып жетекшісі Э.Айтжан оқушыларымыздың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында тәуелсіздік және отаншылдық тақырыбында жазылған шығармаларына тоқтала кетті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2003683467059186&set=pcb.2003683717059161&__cft__[0]=AZVmqYsJgtbL0WNcf1iCSWMFe3HsZ2UOc184hAlhMQlL6CgTxQuWGkZwiwD051e70cuxO2-jhiM3zWNLGLeYf0o703i7LFdKQRr-Mg9nmZ9w1jN7ChvxpG65jTBaimQQFVX7dy7pmgePSjJ5ofx3y6JVjESWX9_Cup25pBsTS7MkmA&__tn__=*b0H-R