Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» танымдық кеші

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» танымдық кеші

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» танымдық кеші

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» бағыты аясында 5-сынып оқушыларымен қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты шығармашылық-танымдық шара өтті.

Кеш күймен ашылып, оқушылардың ұлттық өнерге деген құрметін арттырды. Сонымен қатар, оқушылар би билеп, жазушы шығармаларындағы көріністер мен бейнелерді сурет салу арқылы бейнелеп, өз шығармашылығын көрсетті.

Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен балаларға арналған туындыларын танып, олардың тәрбиелік мәнін талқылады. Мақсат – балалардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және табиғатты аялауға баулитын құндылықтарды насихаттау.

Ұйымдастырушылар:

Кітапханашы – Ф. Момбекова

Тәлімгер – Ф. Төлеген

Ұйымдастырушы – Н. Нажмаддинова

Балалардың өнері мен талпынысы көрініп тұрған мазмұнды кеш болды. Әдебиетке қызығушылықты арттыратын осындай шаралардың маңызы зор!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2036337577127108&set=pcb.2036337693793763&__cft__[0]=AZX-HojVorkj6N-bZTvAoGThqRvY76XlsjzmxDHaqFItG25Lr1w47FCyuFZYwiprfKRhmK8RPWwUJYg9TkKCLV_a42X4wwu6HGMM_oo_oCKP_NKCsla-lLRXTLDCibROmppm6VFN9Q5e2qcRTH7yUdnXrpRuYhAdJOFIzpM3X8tQCw&__tn__=*b3H-R