«Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында
Мектебімізде кітапханашы Ф. Момбекованың ұйымдастыруымен ерекше әрі тағылымы мол «Отбасылық оқу күні» өткізілді.
Аталған іс-шараға Әсілбековтер отбасы, Жұмаділлаевтар отбасы, Кәдірбековтар отбасы белсене қатысып, үй жағдайында балаларымен бірге кітап оқып, рухани байлыққа толы әсерлі сәттерді бірге бөлісті. Отбасылық оқу – бала тәрбиесіндегі маңызды қадамдардың бірі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бұл күн әр отбасы үшін тек кітап оқу ғана емес, өзара түсіністік пен жақындықты арттыратын, жылы естеліктерге толы ерекше күн болды. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып, ата-анамен бірге өткізген уақыттары олардың жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Кітап – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы. Осындай игі шаралар жалғасын таба берсін!





