Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Бұзушылықтың алдын алу және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру бағытында бірқатар кино көрсетілді.

Бұзушылықтың алдын алу және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру бағытында бірқатар кино көрсетілді.

2025–2026 оқу жылы аясында Отырар аудандық білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 25.11.2025 ж. №4-21-4/7969-ИІ хатына орай, «Отырар жалпы білім беретін мектеп» КММ-де құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру бағытында бірқатар кино көрсетілді.

Деректі фильмдер мен бейнероликтер 5–9 сынып оқушыларына жас ерекшеліктерін ескере отырып көрсетілді.

Аталған бейнематериалдар нашақорлықтың, алкоголь мен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, заңсыз қаржылық әрекеттерге (дропперлік) қарсы күрес, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ жалпы құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталды.

Мақсат – жасөспірімдер арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру және қоғамға қауіпті әрекеттердің алдын алу.

Тәрбиелік мәні зор бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

#ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу

#АдалАзамат

#БіртұтасТәрбие

#ҚауіпсізБалалықШақ

#ОтырарМектебі

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2056999835060882&set=pcb.2057000011727531&__cft__[0]=AZa4OVC04s6WlNurTy6IYcA0nWJDppozR7v1z2RHmdoijQLHrNd1XKBTUqMqfqOsTsZbM5EL6yw3MH6k21TpxA9ZgRO5T9Y_hrKr3oToijGBiUnr40Cj_8glMCQ25TimRgH-M8_B__ucqh3npOAulwOVDqYB7YyslS3u6jMTA7p-8w&__tn__=*b0H-R