Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»

«Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»

2026 жылдың 27 қаңтар күні Отырар АПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы инспекторларының қатысуымен маңызды жиыны болып өтілді. Іс-шараға мектептің 8–11 сынып оқушылары қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – оқушыларға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың, сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.

Отырар АПБ ЖПҚБ ОТЗЗҚТ аға инспекторы, полиция капитаны З. Надированың баяндамасы тыңдалды. Ол оқушыларға заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздік және құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндірді.

Отырар аудандық Отбасын қолдау орталығының психолог маманы М. Өсербай «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында сергіту тренингін өткізіп, жасөспірімдердің психологиялық саулығы жайында пайдалы кеңестер берді.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, мамандарға сұрақтар қойып, маңызды ақпарат алды.

Осындай түсіндірме жұмыстары жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттырып, қауіпсіз әрі саналы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

#ҚауіпсізБала

#ҚұқықтықСауаттылық

#ЖасҰрпақ

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2088214961939369/3894830990813818?__cft__[0]=AZa9C0GOUkSetBCv-ImhPBSRzBrOSV8LkdoAa5SNk6fapVWdc7lOVNvOYdHCDKPdA5ppB17HaTyh8NUlPpg855rE2VDaukIMCuvqoDqq6VTje-122ZSTFTVzUoUDwOt0cUT4epn-IscquueWdGFWfW-iBB6lhWrxwMRlH1CTFunPKejk9hQIXIekDBR4pwXrzhY&__tn__=*b3H-R