АТА ЗАҢ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ, ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Мектеп қабырғасында 40 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, елдің өсу-өркендеу жолында еңбек еткен ұстаз ретінде бүгінгі Конституциялық реформаларға бейжай қарай алмаймын. 75 жастың биігінен қарағанда, бұл өзгерістердің маңызы зор екенін айқын көріп отырмын.
Заң – қатып қалған дүние емес. Ол халықтың мұң-мұқтажына, қоғамның даму қарқынына сай жаңарып, жетіліп отыруы тиіс. Бүгінгі өзгерістер – уақыттың тікелей талабы.
Ұстаз ретінде мені ең алдымен келесі мәселелер толғандырады:
Білім мен тәрбие сапасы;
Әлеуметтік әділеттілік;
Жас мамандардың болашағы.
Ата Заңға енгізілетін жаңалықтар әрбір отбасына ертеңгі күнге деген нық сенім ұялатуы керек. Егер біз шын мәнінде «Әділетті Қазақстанды» құруды мақсат етсек, оның іргетасы тек заңмен ғана бекемделуі шарт.
Бұл өзгерістерді – ел ертеңіне, ұрпақ болашағына жасалған батыл қадам деп есептеймін. Барша отандастарымды осы маңызды тарихи сәтте бірлік танытып, ел болашағы үшін бейжай қарамауға шақырамын!
Мәуленов Тайбек
40 жылдық еңбек өтілі бар ардагер ұстаз





