Ашық сабақ — тәжірибе алмасу алаңы!
Бүгін мектебімізде орыс тілі пәнінен «Хлеб добывается трудом» тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өткізілді. Сабақ Lesson Study әдісі негізінде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуына, өз ойларын еркін жеткізуіне, топтық жұмыс арқылы бір-бірін қолдауына мүмкіндік берді.
Оқушылар еңбектің қадірін түсіну, нанның дастарханға қандай қиыншылықпен келетінін ұғыну бағытында түрлі тапсырмалар орындады.
Талдау, салыстыру, пікір айту, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.
Сабақ барысында зерттеу парақтары толтырылып, оқушылардың оқу әрекеттері жүйелі түрде бақылауға алынды.
Мұғалімнің шебер ұйымдастыруының арқасында сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі ерекше байқалды.
Сабақ өткізген: Саитдинова З.
Өтілген күн: 21.11.2025
Пәні: Орыс тілі
Осындай тиімді сабақтар оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, білім сапасын арттыруға зор үлес қосады!
#АшықСабақ #LessonStudy #ОрысТілі #БілімБерудеТәжірибе #ЕңбекҚадірі #МектепӨмірі





