Балаларға қуаныш пен шаттық сыйлаған мазмұнды да мәнді іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Аудандық білім бөліміне, Түркістан облысының білім басқармасына, Отырар аудан әкімшілігіне, Түркістан облысының әкімшілігіне, сондай-ақ барлық ұйымдастырушы алқаларға зор алғысымызды білдіреміз.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысқан мектебіміздің 5-сынып оқушысы Бекәділ Кәусар оқу үлгерімі мен білімдегі жетістіктері үшін 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды. Бұл – оқушы еңбегіне көрсетілген үлкен қолдау мен зор ынталандыру.
Сондай-ақ, осы жетістікке байланысты мектебіміздің директоры К. Асилбеков оқушымызды арнайы құттықтап, алдағы оқу жолында толағай табыстар мен биік белестер тіледі.
Жас ұрпаққа айрықша қамқорлық танытып, балалардың жарқын болашағы – мемлекеттің басты құндылығы екенін әрдайым назарда ұстап жүрген Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшербаевқа шынайы алғысымызды білдіреміз.
Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, еліміздің болашағы – білімді, саналы, отансүйгіш ұрпақ болсын!





