Алғыс айту күні құтты болсын! ![]()
2 “А” сыныбы Алғыс айту күніне орай ата-аналарына жүректен шыққан алғыстарын білдірді. Балалар жылы сөздермен ғана өздерінің ризашылықтарын жеткізіп, ата-аналарының еңбегін бағалады.
Сынып жетекшісі Ләззат апай осындай сәтті ұйымдастырып, оқушыларға алғыс айту мәдениетін түсіндірді. Бұл іс-шара балаларға отбасының мәнін, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті сезінуге мүмкіндік берді.
Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын! ![]()





