Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Ахмет Жұбановтың туылғанына 120 жыл

Ахмет Жұбановтың туылғанына 120 жыл

"Адал азамат – біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 5 «Ә» сыныбымен "Қазақ музыкасының шамшырағы—Ахмет Жұбанов" атты Ахмет Жұбановтың туылғанына 120 жыл мерейтойвна орай танымдық сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ музыка өнерінің асыл мұрасын таныту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру және рухани тәрбие беру болды. Сабақ барысында қазақтың ұлы композиторлары мен өнер қайраткерлерінің шығармашылығы кеңінен насихатталып, мазмұнды мағлұматтар берілді.

Танымдық сабақ кітапханашы Ф. Момбекова, 5 «Ә» сынып жетекшісі Э. Айтжан және музыка пәні мұғалімі Б. Шөпшекбаеваның бірлескен ұйымдастыруымен өтіп, пән аралық байланыс негізінде жоғары деңгейде жүргізілді.

Сабаққа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Әбішов, тәлімгер Ф. Төлеген, психолог Б. Әбдірахимов және әлеуметтік педагог К. Одаман қатысып, өз пікірлерін білдірді. Қатысушылардың ішінде Жеңісбек ағай іс-шараға жоғары баға беріп, оның мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор деңгейде өткенін атап өтті.

Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салып, өнерге деген қызығушылықтарын танытты.

#БіртұтасТәрбие #АдалАзамат #ҚазақМузыкасы #ТанымдықСабақ

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2130720234355508/946487751175254?__cft__[0]=AZZSHkCjt46r-zWG0xEFrcZifxs6MFv2pq16qcu1-uTe4G4CBzW2u3XBWjChg2PH5_tgzJCII252tu0BFvr10dWEL1SQc9qM3KnyN-Mh0Cfv0rNyI5brwa8FaSqF3X0vgZmtK_3vVUhvcKOcHTfLLMSG_ujO_d0m4_x2CZCw2enQyIEPrm2n-9vF_9L6rbnpl44&__tn__=*b0H-R