Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
"Адал азамат" біртұтас тәрбие.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие.

Бүгін Отырар жалпы білім беретін мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді .Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп ұжымының ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын түсіндіру болды.

Жиында мектеп директоры К. Асилбеков ашып, қазіргі таңда қоғамда жиілеп кеткен интернет алаяқтықтарының түрлері туралы кеңінен айтып өтті. Ол өз сөзінде әрбір қызметкер мен мұғалімге жеке мәліметтерін, банк картасының нөмірін, құпия кодтарын және басқа да деректерін белгісіз тұлғаларға бермеу қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, күдікті жағдайлар орын алған кезде міндетті түрде құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескертті.

Іс-шара барысында қызметкерлерге интернеттегі алаяқтық схемаларының нақты мысалдары келтіріліп, алаяқтар жиі қолданатын айла-тәсілдер туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік ережелері, әлеуметтік желілердегі жеке ақпаратты қорғау жолдары, бейтаныс сілтемелер мен хабарламалардан сақ болу жөнінде кеңестер берілді.

Жиын мектептің мұғалімдері мен кіші қызметкерлері қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қауіпсіз интернет кеңістігін қалыптастыруда әркімнің жауапкершілігі зор екенін атап өтті.

Осындай түсіндірме жұмыстары ұжым арасында үнемі өткізіліп, ақпараттық сауаттылықты арттыруға және алаяқтық әрекеттердің алдын алуға бағытталмақ.

#ОтырарМектебі #АқпараттықҚауіпсіздік #ИнтернетАлаяқтықтыңАлдынАлу #ҚауіпсізИнтернет #АдалАзамат

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2021546525272880&set=pcb.2021546845272848&__cft__[0]=AZU6Idkc28cyB8HWtiQVwjMyDlwsidb85bPdNtDrn_CpOGo_bGec_gULPza0XIhdSs0wLIPVKMQi2AomSdzviWkBoho8XKvDKEpHMRpgMuBrLEwiM3817ZgUvg7KKZiEmBknK8QZx1QT60dhdolQUeD2G4jMCClrraUHK7JsHfqquw&__tn__=*b0H-R